Оралда үкіметтік емес ұйымдар жұмысы қорытындыланды

ОРАЛ. 2 желтоқсан. ҚазАқпарат /Елжан Ералы/ -Тәуелсіздіктің 20 жылдығына орай елімізде азаматтық қоғамды дамытудың 2006-2011 жылдарға арналған тұжырымдамасын жүзеге асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарының аяқталуына және азаматтық қоғам күніне орайластырылған үкіметтік емес ұйымдармен ынтымақтастық және өзара бірлескен жұмыс жөніндегі облыстық кеңестің кеңейтілген мәжілісі өтті.
None
None

Жыл бойы жасалған жұмыстарды саралап, алдағы жылға мақсат-міндеттерді айқындаған кезекті кеңесті облыстық ішкі саясат басқармасының бастығы Тілекқабыл Имашев жүргізді.

Мәжілісте сөз алған облыстық ішкі саясат басқармасы бастығының орынбасары Мұратқали Төрегелдиевтің берген мәліметі бойынша биылғы жылы үкіметтік емес ұйымдарға облыстық ішкі саясат басқармасының стратегиялық жоспарына сәйкес, облыстық бюджеттен 22,5 млн. теңге бөлініп, 200-ден астам шара ұйымдастырылған.

Сырым ауданы әкімінің орынбасары Жолдыбай Батырниязов аудандағы «Сырым жастары» қоғамдық бірлестігінің аудан, облыс көлемінде атқарып жүрген жұмыстарының нәтижесінде зор беделге ие екендігін атап өтті. Биылғы жылы аталмыш қорға аудандық бюджеттен 5 млн. теңге қаржы бөлінген. Теректі ауданы әкімінің орынбасары Нұрлан Сабыров ауданда 7 - ҮЕҰ, 6 - діни бірлестік, 2 - этно-мәдени орталық қоғамдық-саяси өмірге белсене араласып жұмыс жасайтынын алға тартты. Аудандағы ҮЕҰ-дың жұмысына тоқталған Нұрлан Менешұлы халықты қоғам өміріне белсене қатыстыру мақсатында әр ауылдық округте түрлі бағыттағы ҮЕҰ-ды құру көзделіп отырғанын мәлімдеді. Қазіргі күні Федоров ауылдық округінде екі ҮЕҰ құрылып, оны заңдастыру үшін құжаттар жинақталу үстінде.

«Батыс Қазақстан облыстық азаматтық альянсы» қауымдастығы заңды тұлғалар бірлестігінің төрайымы А.Түркина «V азаматтық форум тапсырмаларының орындалуы» және облыстағы ҮЕҰ-мен ынтымақтастық бағытында атқарылған шараларға тоқталды.

Кеңес соңында жыл бойы белсенді қызмет жасаған ҮЕҰ-ның жетекшілері, бизнес-құрылым, аудандық және қалалық мемлекеттік орган өкілдері марапатталып, 2012 жылдың жоспары бекітілді.

Соңғы жаңалықтар