Оралда ұлттық білім жүйесін жаңартуға арналған халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтуде

None
None
ОРАЛ. Мамырдың 18-і. ҚазАқпарат /Ғайсағали Ералы/ - Мамырдың 18-інде Оралда «Ұлттық білім беру жүйесін жаңарту және адам ресурстарының жаңа сапасын қалыптастырудағы оның рөлі» деген тақырыпта халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтуде,
деп хабарлайды ҚазАқпарат. М.Өтемісұлы атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті мен Ы.Алтынсарин атындағы ұлттық білім академиясы бірлесіп өткізген жиында облыс әкімінің орынбасары Серік Сүлеймен атап өткеніндей, білім мен ғылым ? қоғам дамуының бірден-бір кепілі. Елбасы заманауи білім беру жүйесі қажеттігін өз Жолдауында атап өткен болатын. Көптеген елдер жаһандық дағдарысты сылтау етіп, әлеуметтік салаға қаралған қаржыны қысқартып жатқанда Қазақстан мұндай қадамға барған жоқ. Қайта жастарға барынша қамқорлық жасалуда. 2008 жылы облыс әкімдігі мен М.Өтемісұлы атындағы БҚМУ арасында екіжақты меморандумға қол қойылып, онда өзара қарым-қатынасты одан әрі нығайту жолдары белгіленген еді. Конференция жұмысына қазақстандық және ресейлік белгілі ғалымдар қатысуда. Олардың қатарында Ы.Алтынсарин атындағы ұлттық білім академиясының президенті Таһир Балықбаев, химия ғылымдарының докторы, профессор Немеребай Нұрахметов, Ресей білім академиясының вице-президенті, профессор Виктор Болотов, РФ Білім беруді дамыту федералдық институты Поволжье филиалының ғылыми жетекшісі, профессор Ефим Коган және басқалар бар.
Соңғы жаңалықтар
telegram