Оралда Ұлттық музейдің мәдени туры өтуде (ФОТО)

ОРАЛ. ҚазАқпарат - Батыс Қазақстан облыстық қазақ драма театрында ел тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған ҚР Ұлттық музейінің бастамасымен «Ұлттық музей сенің қалаңда» атты мәдени туры өтуде.
None
None

Жоба менеджері Ардақ Қожатаеваның сөзіне қарағанда, үш күнге созылатын мәдени тур аясында Ұлттық музейдің таңдаулы он жәдігері көрермендер назарына ұсынылмақ. Соның ішінде Жәңгір ханның зайыбы Фатима ханымның камзолы да бар.  Әсіресе, Қазақстанның тарихи-археологиялық брендіне айналған «Алтын адам» экспонаты келушілерге ерекше әсер қалдырды. Сондай-ақ «Ұлттық музейге саяхат» және 3D форматындағы графикалық бейнероликтер тың мағлұматтар берді.

ҚР Ұлттық музейі еліміздің бай тарихы мен мұрамыздың мол екендігін танытатын аса ірі мәдени орталық екендігі белгілі.  Ол музей ісінің талаптары жөнінен Азиядағы ең үлкен музей болса, нысанның үлкендігі бойынша әлемдегі үздік ондыққа кіреді.

Айта кетейік, «Ұлттық музей сенің қалаңда!» жобасы Қазақстанның барлық өңірін де қамтымақшы. 

null null 

Соңғы жаңалықтар