13:35, 25 Наурыз 2010 | GMT +5
Оралда ұлттық тағамдар асханасы ашылды
ОРАЛ. Наурыздың 25-і. ҚазАқпарат /Елжан Ералы/ - Орал қаласында «Рухани дәуір» ұлттық тағамдар асханасы ашылды,

деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Оның ашылу рәсіміне қатысқан Қазақстан мұсылмандары дніи басқармасы БҚО бойынша өкіл имамы Смайыл қажы Сейітбек аталмыш асхана қалада ішімдіксіз өтетін той, басқа да ұлттық салт-дәстүрді насихаттайтын таза орын болатындығына сенім білдірді. Асхана иесі, Қазақстан қажылары қауымдастығы облыстық филиалының төрағасы Амангелді Дүйсенәлиевтің айтуынша, имандылықтың барлық шарттары орындалатын асханада Ұлы Жеңістің 65 жылдығы қарсаңында соғыста қаза тапқан 100 жауынгерлің рухына арнап хатым-құран шығарылып, садақа берілмек.