Оралда Ұлттық ұлан ширек ғасырлық тойын атап өтті

ОРАЛ. ҚазАқпарат - Оралда 5515-әскери бөлім, қазіргі ҚР Ұлттық ұланы «Батыс» өңірлік қолбасшылығы ширек ғасырлық тойын атап өтті, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.
None
None

«Батыс» өңірлік қолбасшылығының баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, аталмыш әскери бөлім тарихы 1992 жылы 25 ақпанда Орал дербес арнайы моторландырылған милиция батальонының құрылуынан басталды.

null 

Салтанатты шарада «Батыс» өңірлік қолбасшысы, генерал-майор Әлібек Сералиевтің мәлім еткеніндей, ҚР Президенті, Жоғарғы Бас қолбасшы Нұрсұлтан Назарбаев ел әскерлерінің қазіргі заманғы талаптарға сай қызмет етуіне ұдайы көңіл бөліп келеді. Ұлттық ұлан жауынгерлерінің міндеті қала көшелерінде қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету, Батыс өңірде құқықбұзушылықтың жолын кесіп, жаппай тәртіпсіздіктерге жол бермеу болып табылады.  Осы орайда олар өз қызметтерін барынша абыроймен атқаруда.

null 

Бұдан кейін «Батыс» өңірлік қолбасшылығы тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыстар басқармасының бастығы, подполковник Әлішер Әбдірасыл баяндама жасап, 5515-әскери бөлімінің құрылу тарихына, қалыптасу жылдарына тоқталды.

null 

Шара барысында бір топ әскери қызметкерлер мен ардагерлер грамота, бағалы сыйлықтармен марапатталып, сондай-ақ ҚР құқық тәртібі әскерлері құрылуының 25 жылдығына арналған медальдар табыс етілді.

null  

«Батыс» қолбасшылығы ардагерлер кеңесінің төрағасы, доғарыстағы подполковник Бақытжан Бердиев осынау ширек ғасыр ішінде өз қызметтерін мінсіз атқарған көптеген жауынгерлердің алды мемлекеттік орден, медальдармен марапатталғанын жеткізді.

null  

Шара соңы 5517-әскери бөлім оркестрі қойған мерекелік концертке ұласты.

Соңғы жаңалықтар