Оралда ұлы Абайдың туған күніне орай шара өткізілді

None
None
ОРАЛ. Тамыздың 11-і. ҚазАқпарат /Ғайсағали Ералы/ - Орал қаласында қазақтың ұлы ақыны Абайдың туған күніне орай «Әр өлеңі - бір әлем» атты шара өткізілді,

деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Абай рухына бас июшілер тамыздың 10-ында орталық алаңдағы ақын ескерткіші алдына жиналып, өлеңдерін оқыды, жүрекжарды лебіздерін білдірді.

Ақын, Қазақстан Жазушылар одағы облыстық бөлімшесінің төрайымы Ақұштап Бақтыгерееваның айтуынша, бұған келушілердің қатары көп болғаны жөн. Әдебиетші-ғалым, профессор Серікқали Шарабасовтың пікірінше, жыл сайын ұйымдастырылатын шара аясын кеңейтпей болмайды. Әсіресе, оған жергілікті әкімдіктер өкілдерінің аяқ баспауы қынжылтады.

Соңғы жаңалықтар