17:27, 30 Қыркүйек 2009 | GMT +5
Оралда Ұлы Отан соғысы ардагеріне құрмет көрсетілді
ОРАЛ. Қыркүйектің 30-ы. ҚазАқпарат /Ғайсағали Ералы/ - Оралда Ұлы Отан соғысының ардагері, ішкі әскердің отставкадағы полковнигі Семен Данилинге құрмет көрсетілді,

деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Қазанның 1-інде майдангер 95 жасқа толып отыр. Осыған орай Жастар мәдениет үйінде Оралдағы 5515 және 5517-әскери бөлім командирлері мен сарбаздары бас қосып, әскери қызметте жиырма жылдан астам уақыт бойы қызмет еткен С.Данилинді туған күнімен құттықтады. Оған алғысхат пен сый-сияпат табыс етілді.
Қариялар күніне орай өткізілген шараға өзге де майдангерлер мен ішкі әскер ардагерлері қатысты. Олар да марапаттан құр қалған жоқ.
Ардагерлер құрметіне жергілікті өнерпаздар ән шырқап, би биледі.