21:58, 10 Қазан 2017 | GMT +6
Оралда ұшақ апатты жағдайда қонды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Оралда ұшақ шассисіз жерге қонды. Бұл туралы ҚР Инвестициялар және даму министрлігі Азаматтық авиация комитетінің Фейсбуктегі парақшасында хабарланды.
Ведомство мәліметіне сүйенсек, Орал әуежайының ұшып-қону жолағының навигациялық жүйесін әуеден шолуды орындаған AIR CONTROL авиакомпаниясының ұшағы 19:56-да шассисіз жерге қонған. Жапа шеккендер жоқ. Экипаж құрамында үш адам болған.