Оралда волейболдан ардагерлер арасындағы қалааралық турнир мәреге жетті

ОРАЛ. 9 сәуір. ҚазАқпарат - Орал қаласында мемлекет және қоғам қайраткері Мұстахим Ықсановты еске алуға арналған волейболдан ардагерлер арасындағы қалааралық турнир мәреге жетті.
None
None

Жарысқа Ақтау, Ақтөбе, Хромтау, Орынбор облысының Ташла және Орал қаласынан, облыс аудандарынан барлығы 10 команда қатысып, сынға түсті.

Жарыс қорытындысында Ақтау қаласының ардагерлері бас жүлдені жеңіп алды. Оларға «Атамекен» зейнетақы жинақтаушы қоры атынан фотоаппарат табыс етілді. Ақтөбе ферросплав зауыты - екінші, ақтөбеліктердің тағы бір командасы - үшінші, Оралдан «Денсаулық» клубы төртінші орынды иеленді. Қанат Жазықбаев (Ақжайық ауданы) - үздік қорғаушы, хромтаулық Амангелді Сүйінтаев - үздік байланыстырушы, «Денсаулықтан» Есентай Қалиев - үздік шабуылшы, Зеленовтан Павел Агеев  - үздік тосқауыл қоюшы, жәнібектік Қалимат Қыдыров ақсақал ойыншы атанды. Турнирдің үздік ойыншысы атағына Орынбордың Ташла қаласынан келген Алексей Романенко ие болды. Олардың бәріне де демеушілер атынан сыйлықтар табыс етілді.

Соңғы жаңалықтар