18:25, 18 Қараша 2011 | GMT +5
Оралда волейболдан әйелдердің жоғары лига командалары арасында ел чемпионатының бірінші туры мәреге жетті
ОРАЛ. 18 қараша. ҚазАқпарат /Елжан Ералы/ - Оралда волейболдан әйелдердің жоғары лига командалары арасында ХХ ел чемпионатының бірінші туры бүгін мәреге жетті.
Бірінші тур қорытындысы бойынша барлық қарсыласын ұтқан «Қостанай» мен «Спартак-АМТ» (Теміртау) командалары 18 ұпаймен көш бастады. Алаң иелері «Грация KZ» командасы 15 ұпаймен үшінші орынға тұрақтады. Оралдықтар тек теміртаулықтардан ғана ұтылды. Бүгін олар «Астана-2» командасын 3:0 есебімен тізе бүктірді.
Батысқазақстандықтар сапында биыл Қазақстан ұлттық құрамасына алынған он сегіз жасар Зарина Сейтқазынова сынды талапты қыздар бар. Оның үстіне аға бапкер Көлеңке Ғұбашев - бес қыздың әкесі. Олардың бәрі де волейбол ойнайды. Соның ішінде Айнасы - команда капитаны, байланыстырушы.