18:19, 14 Қараша 2011 | GMT +5
Оралда волейболдан БҚО чемпионатының екінші туры мәреге жетті
ОРАЛ. 14 қараша. ҚазАқпарат /Елжан Ералы/ - Оралда волейболдан ерлер командалары арасында БҚО чемпионатының екінші туры мәреге жетті.
Жарыстың бас төрешісі Манарбек Исқақовтың хабарлағанындай, біріншілікке қатысқан 18 команда бес топқа бөлініп, күш сынасты.
Екінші тур қорытындысы бойынша «Казтрансгаз» командасы бірінші орынды жеңіп алды. Бөрлі ауданы - екінші, Жәнібек пен Бөкей ордасы волейболшылары үшінші орынды еншіледі. Жәнібектік Жалғас Қаресов - үздік байланыстырушы, Денис Гусев («Казтрансгаз») - үздік шабуылшы, бөкейордалық Жалғас Әшенов үздік қорғаушы атанды. Бөрлілік Руслан Қуанов турнирдің үздік ойыншысы атағына қол жеткізді.