07:55, 06 Наурыз 2009 | GMT +5
Оралда волейболдан ерлердің ұлттық лига командалары арасында соңғы, бесінші турдың ойындары басталады
ОРАЛ. Наурыздың 6-сы. ҚазАқпарат /Ғайсағали Ералы/ - Оралда волейболдан ерлердің ұлттық лига командалары арасында ХVІІ ел біріншілігінің соңғы, бесінші турдың ойындары басталады,
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Төрт турдан кейін «Атырау» мен «Алматы» командалары алда келеді. Кімнің бірінші орын алатыны осы клубтар арасында өтетін ойында шешіледі. «Казхром» (Хромтау), «Конденсат» (Орал), «Есіл» (Петропавл) командалары да жақсы ойнаса, өз жағдайларын жақсарта алады.
Осы турдан кейін плей-офф сындарына қатысып, жүлделі орындар үшін таласатын төрт үздік команда анықталады.