Оралда волейболдан полиция қызметкерлері арасында турнир мәреге жетті

БҚО бойынша қылмыстық атқару жүйесі департаменті және ҚР ІІМ БҚО бойынша мамандандырылған күзет қызметі басқармасы қызметкерлері арасында жарыс мәреге жетті.
Облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметінен Гүлжан Қанатованың хабарлағанындай, тәуелсіздіктің 20 жылдығына арналған турнирге 12 ерлер және 8 әйелдер командасы қатысты. Ерлер арасында финалда аталмыш департаменттің миграциялық полиция басқармасы жігіттері қоғамдық қауіпсіздік басқармасы командасымен кездесіп, жеңіске жетті. Үшінші орынды қылмыстық атқару жүйесі департаменті иеленді.
Әйелдер арасында БҚО бойынша мамандандырылған күзет қызметі басқармасы спортшылары қылмыстық атқару жүйесі департаментінен басым түсті. Үшінші орынға Орал қалалық ІІБ Абай полиция бөлімінің қыздары ие болды. Ерлерден Орал қалалық ІІБ патрульдік полиция батальонының қызметкері Е.Сапанов үздік ойыншы атанса, қыздардан Абай полиция бөлімінен аға полиция лейтенанты А.Ахметова ерекше көзге түсті.