Оралда волейболдан жоғары лига командалары арасында ел біріншілігінің ІV туры өтуде (ФОТО)

ОРАЛ. ҚазАқпарат - Орал қаласындағы «Арман» дене шынықтыру-сауықтыру кешенінде волейболдан ерлердің «А» жоғары лига командалары арасында ел біріншілігінің ІV туры өтуде.
None
None

Оған «Ұшқын-Искра» (Алматы), «Атырау-2», «Динамо-Қостанай», «Жайық» (Орал), «Динамо-Есіл-СК» (Петропавл), «Алтай-2» (Өскемен), «Павлодар-2», «Қорқыт Ата-ҚМУ» (Қызылорда) командалары қатысуда.

31 наурыз күні «Ұшқын-Искра» қызылордалықтарды 3:0 есебімен тізе бүктірсе, «Павлодар-2» атыраулықтарды 3:2 есебімен жеңді. «Динамо-Қостанай» өскемендіктерді 3:0, «Жайық» «Динамо-Есіл-СК» командасын 3:1 есебімен ұтты. Кеше қостанайлықтар павлодарлықтарды 3:1, «Динамо-Есіл-СК» қызылордалықтарды 3:0, атыраулықтар алматылықтарды 3:2, оралдықтар өскемендіктерді 3:2 есебімен қапы қалдырды.

Төртінші тур 7 сәуір күні мәреге жетеді.

«Жайық» волейбол клубының директоры Шоқан Кеңесовтің айтуынша, ойындар өте тартысты өтуде. Басқа командалар ұлттық лигада ойнайтын волейболшыларды қосып, күшейе түссе, Оралдың «Жайығы» өз күшіне сенуде.

Күні бүгін «Ұшқын-Искра», «Динамо-Қостанай» және «Жайық» көш бастап келеді. Сондай-ақ «Динамо-Есіл-СК», «Атырау-2» командалары да бас жүлдеден үмітін үзе қойған жоқ.

Қорытынды, бесінші тур 27 сәуір - 6 мамыр күндері Атырауда өтіп, ел чемпионы атанған команда белгілі болмақ. 
волейболдан  волейболдан  волейболдан  

Соңғы жаңалықтар