14:10, 15 Қараша 2011 | GMT +5
Оралда волейболдан Жоғары лигадағы әйелдер командалары арасында ел чемпионатының 1-туры өтіп жатыр
АЛМАТЫ. 15 қараша. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Оралда волейболдан Жоғары лигадағы әйелдер командалары арасында ХХ Қазақстан чемпионатының 1-турына қатысып жатқан 12 команданың төртеуі жеңіліссіз келе жатыр.
Алғашқы 2 күннің қорытындысы бойынша Қостанайдың «Қостанай», Теміртаудың «Спартак АМТ», Қарағанды облысының «Қарағанды-2», Оралдың «Грация-KZ» волейболшылары жеңіліссіз келе жатыр. 13 қарашада Алматы облысының «Жетісу-2» мен Астананың «Астана-2» командасын ойсырата жеңген Алматының «ЦСКА ВКС» мен Павлодардың «Қазхромы» кеше жеңілістің ащы дәмін татты. Атап айтқанда алматылықтар астаналықтарға 0:3 есебімен ұтылса, павлодарлықтар қарағандылықтарға 2:3 есебімен есе жіберді. Ал қарсыластарынан ойсырай жеңілген Алматы облысының «Жетісу-2», Алматы қаласының «ҚазЭУ» және Шымкенттің «Қазығұрт» командаларының қоржынында бірде-бір ұпай жоқ.