Оралда із-түзсіз жоғалып кеткен 17 жастағы жасөспірім 8 күннен бері табылмай жатыр
ОРАЛ. KAZINFORM — Орал қаласына қарасты Деркөл кентінің тұрғыны, 17 жастағы Артем Сармановқа іздеу жарияланды.

БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметінен мәлім еткеніндей, аталған жасөспірім 24 ақпан күні шамамен сағат 07.45-те № 12 орта мектепке шығып кеткеннен оралмаған.
Ерекше белгілері: бойы 170 см, денесі арықша келген.
Үстіне капюшоны бар қара күрте, қара трико, аяғына қара кроссовка киген. Өзімен бірге Айфон 11 маркалы телефоны бар.
— Жасөспірімді көрген-білген жандар болса, 8-777-184-04-90, 8-705-796-68-68 немесе 102 нөміріне қоңырау шалуы сұралады. Қазіргі кезде іздестіру жұмыстары жалғасуда, — деп хабарлады ведомстводан.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын Оралда пәтер тонап, 2 млн теңге шығын келтірген қылмыстық топтың ұсталғанын жазған болатынбыз.