Оралда заңсыз кәсіп иелері тексерілуде

АСТАНА. 4 қазан. ҚазАқпарат - Оралдың салық қызметкерлері пәтерлерін жалға беріп, жасырын табыс тауып жүрген азаматтардың соңына түсті, деп хабарлайды 24 KZ.
None
None

Жергілікті жеке пәтер иелері кооперативтері 800-ден астам осындай азаматтың тізімін салық қызметкерлеріне ұсынған. Әзірге олардың 300-не тескеріс жүргізілді. Нәтижесінде тек 100 пәтер иесі ғана жеке кәсіпкер ретінде тіркелген болып шықты. Ал қалғандары салық төлемеудің амалын қарастырып, заңсыз әрекет еткен. Инспекторлар заң бұзғандармен әзірге тек түсіндірме жұмыстарын жүргізуде. Дегенмен, бұны ескермей, салық төлеуден жалтарғандарды әкімшілік жаза күтіп тұр.

Соңғы жаңалықтар