23:03, 23 Мамыр 2013 | GMT +5
Оралда жаңа оқу жылында бірыңғай мектеп киімі енгізілмек
ОРАЛ. 23 мамыр. ҚазАқпарат - Оралда жаңа оқу жылынан бастап қала мектептерінде шәкірттер бірыңғай киіммен жүрмек.

Қалалық білім бөлімінен түскен мәліметке қарағанда, бұл өзгеріс мектеп жарғыларына енгізілген. Мұғалімдердің пікірінше, бір тектес киім оқушылар арасында ұйымшылдықты арттырып, білім биігіне жетуіне септеседі. Түрлі әлеуметтік топтар арасындағы айырмашылықтар киіммен байқалмайтын болады. Алдын ала бекітілген эскиз арқылы тігілетін мектеп киімі отбасылық бюджетке 5 мыңнан 18 мың теңгеге дейін түсетін болады.