Оралда жаңадан тағайындалған «Батыс» өңірлік қолбасшысы таныстырылды

ОРАЛ. ҚазАқпарат - ҚР Ішкі істер министрінің бұйрығымен генерал-майор Әлібек Болатұлы Серәлиев ҚР Ұлттық ұланы «Батыс» өңірлік қолбасшысы болып тағайындалды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.
None
None

«Батыс» өңірлік қолбасшылығының баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, ҚР Ұлттық ұланының бас қолбасшысы, генерал-лейтенант Руслан Жақсылықов осыған орай жеке құраммен кездесіп, жаңа қолбасшыны таныстырды. Р.Жақсылықов Ә.Серәлиевке «Батыс» өңірлік қолбасшылығын басқаруда табыстарға жетуіне тілектестігін білдірді.

Әлібек Серәлиев КСРО Ішкі істер министрлігі БЛКЖО-ның 60 жылдығы атындағы Ленинград жоғары саяси училищесін бітіргеннен кейін қызметтік жолын рота командирінің тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыстар жөніндегі орынбасары болып бастады. Оралға келгенге дейін Алматы қаласындағы «Оңтүстік» өңірлік қолбасшысы болды.

Айта кетейік, осы кезге дейін «Батыс» өңірлік қолбасшылығын басқарған генерал-майор Қайрат Ақтанов Алматыға «Оңтүстік» өңірлік қолбасшысы болып ауыстырылды. 

Соңғы жаңалықтар