Оралда жанармай май құю бекетінің жанында көлік өртенді

ОРАЛ. ҚазАқпарат – Оралда жанар-жағар май құю бекетінің жанында жүк көлігі өртенді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Оралда жанармай май құю бекетінің жанында көлік өртенді

БҚО ТЖ департаментінің баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, оқиға 23 қазан күні сағат 22.03-те Сырым Датұлы 51-мекенжайында болды.

«Меркурий» жанар-жағар май құю бекетінің жанында 2014 жылы шығарылған «МАЗ» жүк көлігінің кабинасы мен қос жартылай тіркемесі отқа оранды.

Сағат 22.22-де сөндірілген өртті ауыздықтауға 9 адам, 3 техника жұмылдырылды.

Автокөлік иесі, өрттің шығу себебі, келтірілген шығын анықталуда.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Оралда монша кешені мен «Талисман» дүкені өртенгенін жазған болатынбыз.