16:18, 12 Қаңтар 2010 | GMT +5
Оралда жас кадрларды даярлайтын мектеп жұмыс істеуде
ОРАЛ. Қаңтардың 12-сі. ҚазАқпарат /Елжан Ералы/ - Оралдағы Еңбек және әлеуметтік қатынастар академиясының жанында жас муниципалды кадрларды даярлайтын мектеп жұмыс істейді,

деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Орал қаласында жергілікті өзін-өзі басқарудың 2010-2012 жылдарға арналған дамуы» қалалық бағдарламасына сәйкес құрылған аталмыш мектеп өзін-өзі басқару органдарының жаңа буынын даярлауды мақсат етеді. Оның алғашқы түлектері қатарында жастар қоғамдық бірлестіктерінің өкілдері, жергілікті атқарушы органдар қызметкерлері және студенттер бар. Мектеп семинарлар, тренинг, іскерлік ойындар, пікірталастар ұйымдастырып, өзге елдердегі өзін-өзі басқару ұйымдарының тәжірибесін ескеріп, жұмысын ширата түсуді көздеп отыр. Мектеп директоры - заң ғылымдарының кандидаты, аталмыш академия заң факультетінің деканы Мереке Ғабдуалиев.