Оралда жас қыз көпірден Жайық өзеніне секіріп кетті

ОРАЛ. KAZINFORM - Орал қаласында құтқарушылар көпірден Жайық өзеніне секіріп кеткен қызды аман алып қалды.

Оралда жас қыз көпірден Жайық өзеніне секіріп кетті
Фото: БҚО ТЖД

БҚО ТЖД баспасөз қызметінен мәлім еткеніндей, оқиға 11 мамыр күні кешкісін сағат 21.34-те жылу-қуат орталығы ауданында Жайық өзенінен өтетін, Самара-Шымкент жолы бойындағы көпірде болды.

- Осы тұстан өтіп бара жатқан құтқарушылар Марс Молдағалиев пен Денис Дащенко көпірден секірген қызды көріп қалған. Содан кейін ағаш бұталарының көмегімен судан шығарып алған. Департамент бастығының міндетін уақытша атқарушы Жанболат Жаншин оқыс оқиға кезінде батылдық танытқан құтқарушыларға ризашылығын білдіріп, алғысхат табыс етті, - деп хабарлады ведомстводан.

Еске сала кетейік, Оралда өртенген гараж орнынан ер адамның мүрдесі табылғанын жазған болатынбыз.

Соңғы жаңалықтар