Оралда жас отбасыларға арналған баспаналар 2016 жылы пайдалануға беріледі

АСТАНА. ҚазАқпарат - Оралда жас отбасыларға арналған баспаналар 2016 жылдың күзінде салынып бітеді, деп хабарлады «Мой ГОРОД»порталы.
None
None

- Біздің өтінішіміз мақұлданды («Жас отбасы» санаты бойынша мемлекеттік бағдарлама бойынша пәтер алу - ред.), алайда үй үш жыл бойы салынуда. Өткен жылы қаржыландыру болмағандықтан, құрылыс уақытша тоқтатылды. Зачаганск кентінде жас жанұяларға арналған 13-ші және 14-ші үйдің құрылысы қашан аяқталады? - деп Орал қаласының Әсем есімді тұрғыны «МГ» редакциясына келген.

БҚО әкімдігінің баспасөз қызметінен хабарлағандай, Зачаганск кентінде 2013 жылы 90 пәтерлі екі бес қабатты тұрғын үйдің құрылысы басталған.

- Алайда қаржыландыру жеткілікті болмағандықтан, құрылыс уақытша тоқтатылды. Зачаганск кентіндегі №13 үйдің құрылысына қажетті ақша жергілікті бюджеттен бөлінді. Үйді ағымдағы жылдың шілде-тамыз айларында қолданысқа беру көзделген. №14-ші үй құрылысын аяқтауға республикалық бюджеттен қаржы бөлінеді деп көзделген. Болжам бойынша үй ағымдағы жылдың қыркүйек-қазан айларында қолданысқа беріледі, - деп хабарлады БҚО әкімдігінің баспасөз қызметі.

Соңғы жаңалықтар