15:35, 27 Желтоқсан 2013 | GMT +5
Оралда жас отбасыларға арналған қос көпқабатты тұрғын үй пайдалануға берілді
ОРАЛ. 27 желтоқсан. ҚазАқпарат - Бүгін Оралға қарасты Зачаган кентінде жас отбасыларға арналған, әрқайсысы 90 пәтерлік қос көпқабатты тұрғын үй пайдалануға берілді.

Осыған орай қала әкімі Алтай Көлгінов баспаналы болғандарды Жаңа жылмен және қоныс тойларымен құттықтап, пәтер кілттерін табыс етті. Қос үйді тұрғызған «Марасан» және «СВ+» ЖШС-ға ризашылығын білдірді.
«Қолжетімді баспана - 2020» бағдарламасына сәйкес жас отбасыларға арналған тағы екі үй алдағы жылдың бірінші тоқсанында іске қосылатын болады.