Оралда жас полицейлер сайысы өткізілді

АСТАНА. 8 қараша. ҚазАқпарат - Оралдағы «Дарын» қосымша білім беру орталығында облыстық білім басқармасы, «Өркен» қосымша білім беру орталығының ұйымдастыруымен ІV облыстық «Жас полицей» байқауы өтті, деп хабарлады Батыс Қазақстан облыстық ІІД баспасөз хатшысы Фатихолла Маштахов.
None
None

Барлық ауданнан және Орал қаласының №10 мектебінен қатысқан өркендер әр түрлі аталым бойынша сайысты. Әр топ өз жұмыстарымен таныстырып, құқықтық білімдерін де ортаға салды. Әсіресе, саптық даярлық байқауы көрерменге ұнады. Саптық жүріске шығармашылық көзбен қарап, оны әр алуан қимылмен әрлеген топтар болды.

БҚО ІІД-нің кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі бөлімшесінің бастығы полиция майоры Рапхат Құбаев бастаған қазылар төрелік еткен сайыстың нәтижесінде сырымдық Қ.Мырзалиев атындағы орта мектептің жас полицейлер тобы І орынға ие болды. Ал, ІІ орын Ақжайық ауданының Бітік орта мектебіне бұйырса, ІІІ орын қаланың №10 мектебінің тобына берілді. Жеңімпаздар облыстық білім басқармасының, ішкі істер департаментінің мадақтау қағаздарымен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.

Соңғы жаңалықтар