14:53, 16 Қыркүйек 2010 | GMT +5
Оралда жасөспірімдер арасында волейболдан қалааралық турнир өткізілуде
ОРАЛ. Қыркүйектің 16-сы. ҚазАқпарат /Елжан Ералы/ - Оралда қала әкімінің жүлдесі үшін волейболдан 1993 жылғы және одан кіші жасөспірімдер арасында «Достық» атты ІІ қалааралық турнир өткізілуде.

Биыл осымен екінші рет ұйымдастырылып отырған жарысқа Петропавл мен Оралдан, Ресейдің Орынбор, Новокуйбышев, Қазан, Уфа қалаларынан, Саратов облысынан командалар қатысуда.
Қала күніне орай өткізіліп отырған турнир қыркүйектің 19-ына дейін жалғасып, үздіктер анықталмақ.