08:07, 25 Мамыр 2010 | GMT +5
Оралда жастар арасында облыстық пікірталас сайысы өткізілді
ОРАЛ. Мамырдың 25-і. ҚазАқпарат /Елжан Ералы/ - М.Өтемісұлы атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті «Ақиқат» пікірталас орталығының ұйымдастыруымен Ұлы Жеңістің 65 жылдығына орай облыстық турнир өткізіліп,
оған қаладағы жоғары және орта арнаулы оқу орындарының командалары қатысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Сайыс мақсаты - жастардың шешен сөйлеп, өз көзқарасын қорғай білуіне септесу. Онда студенттер Елбасы Жолдауы, Жеңістің 65 жылдығы, майдангерлерге көрсетілетін қамқорлық аясын кеңейту, Қазақстанның кедендік одаққа енуіндегі елге пайда келтіретін тұстар және басқа тақырыптарда сынға түсті. Сайыс қорытындысында Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университетінің «Парасат», «Гладиатор» командалары үздік шықса, Еркін Мұратов пен Тимур Нұрғалиев үздік спикер болып танылды.