Оралда жауынгер жалғыз өзі 30-ға жуық адамды тасқыннан аман алып шықты

сарбаз
Фото: Ұлттық ұлан

ОРАЛ. KAZINFORM — Орал қаласында 5517 әскери бөлімінің қызметкері Мәулен Марленов су тасқыны кезінде қиын жағдайға тап болған тұрғындарға дер кезінде көмекке келді.

ҚР Ұлттық ұланы «Батыс» өңірлік қолбасшылығының баспасөз қызметінен мәлім еткендей, Мәулен топан судың ортасында адамдар тиелген жүк көлігінің батып бара жатқанын байқайды.

Содан кейін оны өз көлігінің күшімен тартып шығарып, 30-ға жуық адамды қауіпсіз жерге жеткізуге септігін тигізді. 

«Бізге бекітілген аймақта тұрғындарды эвакуациялау жұмыстарын атқарып жүргенмін. Бір мезетте 30-ға жуық тұрғынды эвакуациялауға тырысқан жүк көлігі су ортасында батып қалғанын көрдім. Көп ойланбастан сол көлікті өз көлігіме тіркеп, қауіпсіз аймаққа шығардым», - деді М.Марленов. 

Пресс-служба Национальной гвардии РК
Фото: Ұлттық ұлан

Қазіргі таңда Батыс Қазақстан облысында тасқын сумен күреске Ұлттық ұланнан 1 мыңға жуық сарбаз, 40 техника жұмылдырылған. 

Олар тұрғындарды эвакуациялаумен қатар өзен жағалауында бөгеттерді бекіту жұмыстарына атсалысуда.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Жайық өзеніндегі су деңгейі Оралда бір тәулікте 13 сантиметрге көтерілгенін жазған едік. 

Орал қаласы әкімдігі қауіпті аймақ тұрғындарына көшуге дайын болу керектігін ескертті.

Орал түрмесінде сотталушылар еліміздің басқа өңірлеріне көшірілді.

Соңғы жаңалықтар