Оралда жаяу жүргіншілердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытында шаралар алынуда

ОРАЛ. 26 қараша. ҚазАқпарат /Елжан Ералы/ - Оралда жаяу жүргіншілердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытында шаралар алынуда.
None
None

БҚО ІІД жол полициясы басқармасы баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, жүргіншілердің, әсіресе, қараңғы уақытта жол оқиғасына ұрынбауы үшін «Жайық жарығы» ЖШС Еуразия даңғылы бойында Суров дүкеніне қарсы тұстағы жаяулар өтетін жер және Достық даңғылы мен Д.Нұрпейісова көшесі қиылысында жол белгілерін электронды, жарық белгіге ауыстырды. Енді жүргізушілер кезкелген мезгілде жолдан өтіп бара жатқан адамдарды анық көретін болады.

Сондай-ақ Әбілқайыр хан мен Қонаев көшелері қиылысында бағдаршам орнатылды. Осындай жол белгісі Шолохов-Циолковский көшелері қиылысында да пайда болмақ.

БҚО-да биылғы он айда жүргіншіні 117 қағып кету оқиғасы болып, соның салдарынан 25 адам қаза тауып, 97-сі түрлі жарақат алды.

Соңғы жаңалықтар