Оралда «Жайдарлы Жас Ұлан» жайдарман ойынының облыстық кезеңі мәреге жетті

ОРАЛ. 17 қазан. ҚазАқпарат - Жастар мәдениет үйінде республикалық «Жайдарлы Жас Ұлан» жайдарман ойынының облыстық кезеңі мәреге жетті.
None
None

Облыстық «Өркен» қосымша білім беру орталығынан Жанна Ғабдуалиеваның хабарлағанындай, шара мақсаты - мемлекеттік тілде КТК қозғалысын дамыту, «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымын қоғамда кеңінен насихаттау, талантты жастарға қолдау көрсету.

Жарысқа облыс өңірлерінен барлығы алты топ қатысып, өз өнерлерін ортаға салды. Әзіл арқылы әлеуметтік, саяси, жастар мәселелерін ойнақы жеткізген топтар көрермендердің ерекше ықыласына бөленді. Әсіресе, Орал мектеп құрамасы жиналған қауымға өз ойларын әдемі жеткізе білді. Барлық топтардың да сайысқа жақсы дайындалғаны көрінді.

Сонымен, Орал мектеп құрамасы бірінші орынға ие болып, Астана қаласында өтетін республикалық кезеңге жолдама алды.

Соңғы жаңалықтар