18:41, 12 Мамыр 2009 | GMT +5
Оралда жер телімін сұраушы азаматтар саны 44 мыңнан асты
ОРАЛ. Мамырдың 12-сі. ҚазАқпарат /Ғайсағали Ералы/ - Биылғы наурыздың 30-ына дейінгі кезек бойынша Орал қаласында жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер телімін сұраған азаматтар саны 44028-ге жетті,

деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі қала әкімдігінен түскен мәліметке сілтеме жасап.
Биыл жер телімін беру қарастырылмаған. Қазақстан Үкіметінің қаулысына сәйкес қалаға іргелес Теректі және Зеленов аудандары аумағына тиесілі 229 мың гектар жер қала маңы болып есептеледі. Орал қаласының бас жоспарына өзгерістер мен толықтырулар енгізілгеннен кейін жер телімдері беріле бастамақ. Бірақ жер бөліс тұрғын үй салынатын аумақтарға коммуникациялық қажеттіліктер ? су, газ, жарық және жол тартылғаннан кейін жүзеге асады.