Оралда жер телімін жалдау құқығы 20 млн теңгеге сатылды

ОРАЛ. ҚазАқпарат - Орал қаласында  бүгін бес жер телімі аукционда сатылымға шығарылды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» тілшісі.
None
None



Орал қаласы әкімдігінен түскен мәліметке қарағанда, бұл - коммерциялық бағыттағы нысандар құрылысы үшін жер телімін жалдау құқығын ағылшындық әдіспен сату бойынша өткізілген биылғы бірінші аукцион.

Сатылымға Орал қаласынан және Круглоозерный мен Зачаган кенттерінен жер телімдері ұсынылды. Аукционға бес лот бойынша 71 өтініш түсіп, 41 адам қатысты.

Аукцион қорытындысына сәйкес сатылған жер телімінің ең төменгі құны 4 млн теңге болса, біреуі 20 млн 30 мың теңгеге өтті. 

Еске сала кетейік, 2017 жылы осындай екі аукцион ұйымдастырылған болатын. Соның ішінде желтоқсан айында өткен шарада бір жер телімін оралдық кәсіпкер 16 млн теңгеге сатып алған еді.

Соңғы жаңалықтар