Оралда жоғалды деп іздеу салынған жігіт табылды
ОРАЛ. ҚазАқпарат - Оралда жоғалып кетті деп іздеу салынған жігіт табылды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» тілшісі.
Облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, жігіттің 29 қараша күні жоғалып кеткені туралы әйелі 1 желтоқсанда ішкі істер органына хабар берген.
«Інім 2 желтоқсан күні түстен кейін аман-есен табылды. Отбасылық жағдайға байланысты кетіп қалған екен», деді «ҚазАқпарат» тілшісіне Дәурен Мұқанәлінің ағасы Азат.