Оралда жоғалып кеткен 65 жастағы ер адамның денесі үш күннен кейін табылды

ОРАЛ. ҚазАқпарат – Оралда жоғалып кеткен 65 жастағы ер адамның денесі үш күннен кейін табылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Оралда жоғалып кеткен 65 жастағы ер адамның денесі үш күннен кейін табылды

БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлім еткендей, марқұмның мүрдесі 9 қыркүйек күні М.Шолохов көшесі бойынан табылды.

Мүрде сот-медициналық сараптамаға жіберілді. Денеде зорлық белгілері жоқ.

Ер адам 6 қыркүйек күні жоғалып кетіп, туыстары полицияға шағым түсіріп, іздеу салған еді.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Теміртауда жоғалып кеткен жасөспірім қыздың Батыс Қазақстаннан табылғанын жазған болатынбыз.