Оралда жол апатынан 63 жастағы әйел көз жұмды

ОРАЛ. KAZINFORM - Орал қаласында жол апатынан кейін ауруханаға жеткізілген 63 жастағы әйел көз жұмды.

бір адам көз жұмды
Фото: Мұхтор Холдорбеков/ Kazinform

Kazinform бұдан бұрын жазғанындай, Оралда жол апатынан зардап шеккен бес адамның біреуі жансақтау бөліміне жатқызылған болатын.
БҚО денсаулық сақтау басқармасын түскен мәліметке қарағанда, 1961 жылғы әйел ауруханаға өте ауыр халде түскен. Оның кеуде және іш тұсына оталар жасалған. Бірақ ауыр жарақат оның өліміне соқтырды. Патологоанатомиялық зерттеу жасалатын болады.

«Ал 1958 жылғы ер адам хирургия бөліміне жатқызылды. Жағдайы ауыр, тұрақты. Қажетті емін алуда», деп хабарлады ведомстводан.

БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметі аталмыш оқиға бойынша ҚР ҚК 345-бабы 3-бөліміне сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатқанын жеткізді.

Соңғы жаңалықтар