Оралда жол апатынан скутер жүргізушісі қаза тапты

ОРАЛ. KAZINFORM – Орал қаласында жол-көлік оқиғасынан скутер жүргізушісі көз жұмды.

Скутер
Фото: t.me / POLICE_of_KZ/10647

БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметінен мәлім еткеніндей, оқиға 29 мамыр күні шамамен сағат 21.10-да Зачаган кентіндегі Қ.Жұмалиев пен С. Жақыпов көшелерінің қиылысында болды.

«Скутер «Ауди» автокөлігімен түйіскен. Салдарынан скутер жүргізушісі көз жұмды. Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізілуде», - деп хабарлады ведомстводан.

БҚО денсаулық басқармасы баспасөз қызметінің нақтылауынша, жасы шамамен 30-35-тегі ер адам облыстық ауруханаға жеткізілген. Алайда алған жарақаттары салдарынан есін жимастан қайтыс болды.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын БҚО-да босану кезінде көз жұмған әйелдің күйеуі полицияға шағым түсіргені туралы жазған едік. 

Соңғы жаңалықтар