Оралда жол шұрқ-тесік, автокөлік доңғалақтары жарылып жатыр – әкімдік жауабы

ОРАЛ. ҚазАқпарат – Оралда жаңбырдан кейін жолдағы шұрқ-тесіктер көрінбегендіктен, автокөлік доңғалақтары жарылып жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None

Әлеуметтік желіде таралған бейнежазбада 9 автокөліктің доңғалағы жарылғаны саналған.

Орал қаласы әкімінің баспасөз қызметінен мәлім еткеніндей, аталмыш жол М.Шолохов көшесінің жөнделмеген бөлігіне келеді.

«М.Шолохов көшесіндегі жолды күрделі жөндеу жұмысы биылғы мамырда басталды. Жолдың жалпы ұзындығы – 4,6 шақырым. Жұмыс үш кезеңге бөлінген. Қазіргі кезде бірінші учаске – Сырым Датұлынан С.Тюленин көшесіне дейінгі аралықта асфальт төсеу жұмыстары аяқталып келеді. Құны 4,2 млрд теңгені құрайтын жоба екі жылға есептелген, яғни алдағы жылы аяқталады. Жолды төрт жолақтан алты жолаққа дейін кеңейту көзделуде. Жаяу жүргінші жолы салынып, көше толықтай жарақтандырылады. Мердігер мекеме – «Адал арна» ЖШС», деп хабарлады ведомстводан.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Оралда жаңбыр салдарынан көпқабатты үйлердің жертөлесіне су кіргенін жазған болатынбыз.

Соңғы жаңалықтар