Оралда жұмысқа шығып, жоғалып кеткен ер адам табылмай жатыр

ОРАЛ. KAZINFORM - Орал қаласында 48 жастағы ер адам 6 тамызда үйінен шығып кеткеннен оралмаған.

жоғалып кетті
Фото: typicaluralsk

БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметінен мәлім еткеніндей, 16 тамыз күні 1975 жылғы Орынбасар Адиотоллаұлы Сипатталовтың әйелі полицияға арызбен жүгінген.

Әйелдің айтуынша, күйеуі 6 тамызда сағат 09.30-да жұмысқа кетіп, осы уақытқа дейін келмеген.

«БҚО полиция департаментінің барлық жеке құрамы осы азаматты іздестіруге бағытталған. Қазіргі кезде ер адамды табу үшін жедел іздестіру іс-шаралары жүргізілуде. Егер аталған адам туралы мәлімет білгендер полицияға 102 нөмірі арқылы хабарласуы сұралады», - делінген департамент берген ресми ақпаратта.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын БҚО-да жоғалып кеткен 21 жастағы студентті өлтірген күдікті ұсталғанын жазған болатынбыз.

Соңғы жаңалықтар