Оралда жыл басынан бері 500-ден астам заңбұзушылық анықталды - прокуратура

ОРАЛ. ҚазАқпарат - Орал қаласында биылғы бірінші тоқсанда 500-ден астам заңбұзушылық анықталып, 60 қадағалау актісі енгізілді.
None
None

БҚО прокуратурасының баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, соның нәтижесінде 10 мыңнан астам адамның конституциялық құқығы қорғалып, 100-ден астам лауазымды қызметкер түрлі жауапкершілікке тартылды. Мемлекетке келтірілген 92 млн. теңге залал өндірілді. Қадағалау актілері бойынша 100 млн. астам теңге жалақы қарызы өтеліп, 1256 қызметкердің құқығы қорғалды.

Сол секілді Бөрлі ауданында 300-ден астам заңбұзушылық белгілі болып, 6 мың азаматтың құқығы қорғалды. 200-ден астам адам түрлі жауапқа тартылды. Мемлекет есебіне 495 млн. астам теңге өндірілді. Кадастрлық құны 141,6 млн. жуық теңгені құрайтын жалпы аумағы 6561 га ауыл шаруашылығы мақсатындағы 8 жер телімі мемлекет меншігіне қайтарылды. «Транспортник» ЖШС мен «Горкомхоз» МКК-ның 100 қызметкер алдындағы 18 млн. астам теңге еңбекақы берешегі өтелді.

Прокурорлық тексеру нәтижесінде Ақсай қаласында «Нұрлы жол» бағдарламасына сәйкес салынған 144 пәтерлік үйді қабылдаған комиссияның заңсыз іс-әрекеттері әшкереленді. Мұндағы орындалмаған жұмыс көлемі 17,5 млн. теңгеге жуықтады. Қазіргі кезде іс сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының БҚО бойынша департаментінде тергелуде.

Соңғы жаңалықтар