Оралдағы 5517-әскери бөлім өзінің құрылған күнін атап өтті

ОРАЛ. 20 ақпан. ҚазАқпарат - 20 ақпан күні Орал қаласындағы №5517 әскери бөлім өзінің 18 жылдығын атап өтті.
None
None

Майор Ерболат Сұлтановтың хабарлағанындай, мерекелік жиында бөлім командирі, майор Мамай Құрмантаев баяндама жасап, әскери бөлімнің 18 жылдық тарихына тоқталып, ішкі әскерде болған оң өзгерістер және оған ішкі әскер жауынгерлерінің қосқан үлесі жөнінде айтып өтті.

1995 жылы құрылғаннан бері аталмыш әскери бөлім жауынгерлері қала көшелеріндегі қоғамдық тәртіпті қадағалау, мемлекеттік нысандарды күзету секілді маңызды қызметтерді абыроймен атқаруда. Жыл сайын жеке құрам Батыс өңірінде өткізілетін мәдени-танымдық, «Бекіре», «Мигрант», «Қоғамдық тәртіп» жедел алдын алу шараларына, сондай-ақ республикалық жиындарға белсенді қатысып келеді.

Салтанатты жиында Отан алдындағы әскери қызметін адал атқарып жүрген бірқатар жауынгерлер мақтау қағаздармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды. Кеш соңы Жастар мәдениет сарайы мен әскери бөлімнің жеке құрамы көркемөнерпаздары дайындаған мерекелік концертке ұласты.

Соңғы жаңалықтар