14:51, 10 Қаңтар 2010 | GMT +5
Оралдағы ақша айырбастау пунктіне қарақшылық шабуыл жасаған ресейлік азамат 10,5 жылға сотталды
ОРАЛ. Қаңтардың 10-ы. ҚазАқпарат /Елжан Ералы/ - Орал қаласындағы ақша айырбастау пункттерінің біріне қарақшылық шабуыл жасаған ресейлік азамат С.Иванов 10,5 жылға сотталды.

Үкім кесер кезде оның Қазақстан шекарасынан заңсыз өткені де ескерілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі облыстық прокуратурадан түскен мәліметке сілтеме жасап.
Воткинск қаласының тұрғыны С.Иванов 2008 жылдың қарашасынан 2009 жылдың шілдесіне дейін Орал қаласында заңсыз тұрған. Қазақстан-Ресей шекарасынан шекара, кеден бекеттерінің көзіне түспей, жасырын жаяу жүріп өткен оның Оралда тұрақты мекені, табысы болмайды. Ақыры өткен жылы шілденің 24-інде Әбілқайыр хан даңғылы бойындағы ақша айырбастау пункті қызметкеріне пышақ жұмсап, жалпы сомасы 5688440 теңгенің АҚШ доллары мен Ресей рублін алып қашады. Бірақ кездейсоқ ұшырасқан жол полициясы қызметкері Сәттібек Баданов оны құтқармайды. Сөйтіп оған әділ жаза белгіленді.