Оралдағы балабақшалардың бірінде психологқа 700 мыңнан астам теңге негізсіз төленген - прокуратура

ОРАЛ. ҚазАқпарат - Орал қаласы прокуратурасы шаһардағы мектепке дейінгі ұйымдардың бірінің қызметін тексеру барысында бюджет қаржысын жымқыру дерегін анықтады.
None
None

БҚО прокуратурасының баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, жұмысқа қағаз жүзінде қабылданып, шын мәнісінде қызметін атқармаған психолог 2014 жылдың маусымынан 2015 жылдың қазанына дейін жалақы алып келген. Осылайша психологтың «жұмысына» 700 мыңнан астам теңге негізсіз төленген.

Аталған дерек бойынша ҚР ҚК 189-бабы 3-бөлімі 2-тармағына сәйкес (сеніп тапсырылған бөтен мүлікті иемдену немесе талан-таражға салу, яғни жымқыру) қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде. 

Соңғы жаңалықтар