Оралдағы «Ел ырысы» базарында мал сою цехы ашылып, ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі өткізілді

ОРАЛ. 12 желтоқсан. ҚазАқпарат /Елжан Ералы/ - 10 желтоқсан күні облыс әкімі Бақтықожа Ізмұхамбетов «Ел ырысы» коммуналдық базарында мал сою цехының ашылу рәсіміне қатысты.
None
None

Содан кейін облыс басшысы сала қызметкерлерінің күніне арналған ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесін аралап көрді. Жәрмеңкеге облыс аудандары мен қаладан тауар өндірушілер ет, балық, көкөніс, картоп және басқа өнімдерді тікелей әкеліп, сатты. Бұл қала тұрғындары үшін тиімді болды.

Соңғы жаңалықтар