20:52, 28 Маусым 2016 | GMT +5
Оралдағы форумда астаналық журналистер шеберлік сағаттарын өткізді (ФОТО)
ОРАЛ. ҚазАқпарат - Бүгін Байланыс және ақпарат қызметкерлерінің күніне орай Оралдағы Салтанат сарайында «Аймақтық журналистиканың бүгіні мен ертеңі» деген тақырыпта БҚО журналистерінің форумы өткізілді.

БҚО ішкі саясат басқармасы ұйымдастырған жиынға астаналық журналистер, белгілі азаматтық белсенділер Нартай Әшім мен Максим Рожин қатысып, шеберлік сағаттарын өткізді.
Форумның екінші бөлімінде астаналық журналист, «Медиалық технологиялар орталығы» ЖШС директоры Артур Нығметов пен «Жайық Пресс» ЖШС жанындағы ақпарат орталығының жетекшісі Нұрлыбек Рахманов өз ой-толғамдарымен бөлісті.
Журналистер форумында облыс әкімінің орынбасары Марат Тоқжанов сала қызметкерлерін кәсіби мерекемен құттықтап, мұндай жиынның берері мол екендігін атап өтті.
Форумға Орал қаласы ғана емес, сонымен қатар барлық аудандардан қаламдастар келіп, пікір алысты.
Осындай тәжірибе алмасу ертең «Жайық Пресс» ЖШС-да жалғасады.