17:40, 09 Қаңтар 2009 | GMT +5
Оралдағы шағын бизнес нысандары бір жылда 56 млрд. теңгенің өнімін өндіріп, қызметін көрсетті
ОРАЛ. Қаңтардың 9-ы. ҚазАқпарат /Ғайсағали Ералы/ - Оралдағы шағын бизнес нысандары 2008 жылы 56 млрд. теңгенің өнімін өндіріп, қызметін көрсетті.
Орал қаласы әкімдігінен ҚазАқпарат тілшісіне хабарлағанындай, қазіргі кезде қалада тіркелген шағын бизнес нысандарының саны 19 мыңнан асады, бұл 2007 жылғыдан 15 пайызға көп. Бұл салада 31 мың адам еңбек етсе, 2008 жылы 1417 қосымша жұмыс орны ашылды.
Қалада шағын кәсіпкерлікке көмек беретін 39 түрлі қауымдастық, қоғамдық бірлестіктер мен қорлар бар.