21:15, 31 Желтоқсан 2025 | GMT +5
Оралдан Түркістанға рейстер қайта басталады
ОРАЛ. KAZINFORM — Мәншүк Мәметова атындағы Орал халықаралық әуежайынан 3 қаңтардан бастап Түркістанға ұшақтар қайтадан ұшады.
«Орал халықаралық әуежайы» ЖШС-ның баспасөз қызметінен мәлім еткеніндей, рейстер аптасына екі рет, сәрсенбі және сенбі күндері орындалады.
Еліміздің рухани астанасына ұшуды SCAT әуекомпаниясы орындайтын болады. Рейстер күзгі-қысқы навигацияның соңына дейін жоспарланған.
- Біз үшін басты мақсаттардың бірі сұранысқа ие ішкі бағыттар бойынша тікелей рейстердің санын арттыру болып табылады. Соның бірі Түркістанға ұшатын рейс екені даусыз, - деді әуежайдың бас директоры Дамир Самиғуллин.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын Оралдан Атырауға ұшатын рейстің тоқтатылғанын жазған едік.