Оралдық тұрғын жылыжайда есірткі заттары бар өсімдік өсірген

ОРАЛ. KAZINFORM – Орал қаласында полиция қызметкерлері есірткі заттары бар өсімдіктерді заңсыз өсіру дерегін анықтады.

Оралдық тұрғын жылыжайда есірткі заттары бар өсімдік өсірген
Фото: БҚО ПД

БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметінен мәлім еткеніндей, жедел іздестіру іс-шаралары барысында есірткі қылмыстарына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері Орал қаласындағы жеке тұрғын үйдің ауласынан есірткі заттары бар өсімдік өсірілген екі жылыжайды анықтады. 

- 55 жастағы жергілікті тұрғын жылыжайларда заңсыз өсімдіктер өсіріп келген. Барлығы 37 түп өсімдік тәркіленді. Аталған дерек бойынша ҚР ҚК 300-бабы 1-бөлігіне (құрамында есiрткi заттар бар, өсiруге тыйым салынған өсiмдiктердi заңсыз егіп-өсіру) сәйкес қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде, - деп хабарлады ведомстводан. 

Аталмыш бап бойынша айыпты деп танылған адам екі мың айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не алты жүз сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға не екі жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге не сол мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Оралда бопсалаумен айналысқан колледж студенттері ұсталғанын жазған едік.

Соңғы жаңалықтар