Оралдың «Ақжайығы» көш басындағы команданы тізе бүктірді

ОРАЛ. KAZINFORM — Допты хоккейден жоғары лига командалары арасында бүкілресейлік жарыста Оралдың «Ақжайығы» «Жастар» стадионында «Маяк» (Краснотурьинск) командасын қабылдады.

допты хоккей
Фото: "Ақжайық" спорт клубы

Екінші топта «Маяк» 22 ұпаймен көш бастап келе жатқан-ды.

ақжайық
Фото: "Ақжайық" спорт клубы

Тартысты өткен ойында оралдық Николай Шавалдиннің шәкірттері 5:3 есебімен «Маякты» тізе бүктірді.

«Ақжайықтан» команда капитаны Максим Өтебалиев қарсыластың қақпасына қос доп енгізсе, ресейлік сұрмерген Максим Пахомов хет-триктің авторы атанды.

Қонақтардан Михаил Калистратов 2, Денис Мубинов 1 гол соқты.

ақжайық
Фото: "Ақжайық" спорт клубы

Ертең қос клуб екінші кездесуін өткізеді.

Осы ойыннан кейін 21 ұпай жинаған «Ақжайық» үздік үштікке енді.

допты хоккей
Фото: "Ақжайық" спорт клубы

Еске сала кетейік, бұдан бұрын «Ақжайықтың» ресейлік команданы екінші рет ұтқанын жазған болатынбыз.

Соңғы жаңалықтар