14:18, 27 Тамыз 2014 | GMT +5
Оралдық қос волейболшы ел құрамасы сапында Азия ойындарына қатысады
ОРАЛ. ҚазАқпарат - Оңтүстік Кореяның Инчхон қаласында өтетін жазғы Азия ойындарына волейболдан Қазақстан құрамасы сапында Оралдан Виталий Вориводин мен Антон Кузнецов қатысады.

БҚО дене шынықтыру және спорт басқармасынан түскен мәліметке қарағанда, олардың екеуі де - «Конденсат-Жайықмұнай» командасының ойыншылары, жуырда Алматыда өткен VІ Азия кубогінің қола жүлдегері. Басқа да жарыстарда жүлде алып жүрген 1990 жылғы В.Вориводин спорт шеберлігіне үміткер болса, 1989 жылғы А.Кузнецов - спорт шебері.