15:58, 04 Наурыз 2009 | GMT +5
Оралдық өнерпаздар алыстағы ауылда концерт қойып, тұрғындар көңілін көтеріп қайтты
ОРАЛ. Наурыздың 4-і. ҚазАқпарат /Ғайсағали Ералы/ - Орал қалалық мәдениет үйінің өнерпаздары наурыздың 3-інде Ақжайық ауданы Тайпақ ауылында болып, концерт қойып қайтты,
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Қала әкімінің орынбасары Мүсілім Оңдағанов бастап барған оралдықтар Халықаралық әйелдер күніне орай әр салада табысты еңбек етіп жүрген әйел-ана, қыз-келіншектерге құрмет көрсетті. М.Оңдағанов өз ұстаздарын да ұмытқан жоқ. Сондай-ақ аз қамтылған алты-жеті отбасыға да көмек берілді.
Қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің бастығы Сайран Дүйсентегінің сөзіне қарағанда, мұндай сапарлар дәстүрге айналмақ. Алда Тасқала, Теректі аудандарында осындай шаралар ұйымдастырылмақ.